100% гарантия ВНЖ в Казахстане – доверьтесь профессионалам!

Massaget.kz Қоянқұс ауданында осыдан бір ай бұрын жарамсыз күйге түскен көпір жайын жазған еді. Сол кезде Алматылық әкімдік бұл аумақты Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы айналып өтуге болатынын айтып, тұрғындарға басу айтқан. Енді міне, сол Сералин көшесі де жабық. Тұрғындардың сөзінше жолдың қалаға шығар тұсын бәзбіреулер қоршап алып, мүлде жауып тастаған. Өз ауылдарына кіре алмай, кірсе шыға алмай жүрген қарашаның базынасын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

Massaget.kz Қоянқұс ауданында осыдан бір ай бұрын жарамсыз күйге түскен көпір жайын жазған еді. Сол кезде Алматылық әкімдік бұл аумақты Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы айналып өтуге болатынын айтып, тұрғындарға басу айтқан. Енді міне, сол Сералин көшесі де жабық. Тұрғындардың сөзінше жолдың қалаға шығар тұсын бәзбіреулер қоршап алып, мүлде жауып тастаған. Өз ауылдарына кіре алмай, кірсе шыға алмай жүрген қарашаның базынасын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Көресіні жолдан көрген аудан тұрғындары, 13 маусым күні наразылығын білдіріп көшеге шықты.

Тұрғындардың сөзінше, бұл жер бұрынан жекенің қолында болған-мыс. Дегенмен ол туралы ешкім білмепті. Тіпті сондағы халық бірігіп, ауданға кірер жалғыз жолды өз қаражаттарына осыдан екі апта бұрын жөндеткен. Қараша халық, түзу жолдың қызығын енді көреміз деп жатқанда жер иесі бой көрсетіп, өзіне тиесілі аумақты қоршап алған. Бұл іске бүгінде жауаптыларды табу да қиын болып отыр. Алатау қалалық әкімдігі құрылмай тұрып, осыдан бірнеше ай бұрын қалалық Жетісу мен облыстық Іле ауданның шекаралары өтетін көшеге ешкімнің жауапкершілік алғысы жоқ көрінеді.

“Менің өзім бұл жерде 8 жылдан бері тұрып келем. Сол уақыттан бері ешкімнің бұл жолға таласы болмап еді. Онсызда шағын ауданға кіретін көпір құлап, айналып кетіп ек, жетпегені енді осы еді. Карта бойынша бұл жол бар, десе де қазір өзгенің меншігінде. Бұл жолды біз 15 күн бұрын ғана өз қалтамыздан қаражат шығарып жөндеткенбіз. Қызығын да көріп үлгермедік. Мына азаматтар жолды бөгеп, құрылыс жұмысын бастап кетті. Бізге ешкім ескертпеді де, мән-жайды түсіндірмеді де. Сол үшін елдің бәрі жұмыстан, бала-шаға сабақтан қалды,” – дейді ауыл тұрғыны Камила.

Шарасы таусылған мына жұрт енді тек мола арасынан өтетін тар жолды пайдаланып жүр екен. Аталмыш жолдың түп мақсаты, тек бейітке мүрде тасу. Амалдың жоқтығынан бүгінде осы жолмен қоғамдық және жеңіл көлік те, еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін өтіп жүр.

Просто и быстро оформим ВНЖ или ПМЖ в Казахстане для вас:

“Бұл жол Көкжиекке апарады. Бізге дейін де Көкжиек кептеліп жататын еді, бұл жолы сол кептеліске бізде қосылдық. Осындағы 4 ауылдың бәрі сол мола арасындағы кішкентай жолмен өтеді. Кептеліс деген ұзын-сонар. Күні кеше мысалы бірнеше жол көлік оқиғасы болды. Тіпті автобус кептеліп, шыға алмай қалды. Басқа амалымыз жоқ, қайтеміз енді”, – дейді ауыл тұрғыны Мөлдір ханым.

Жолды қоршап, құрылыс бастаған серіктестік басшысын сөзге тарту үшін іздеп едік, таппадық. Ал құрылыс басындағы құрылысшы жігіттер “күнде жұмыс басына келетін, қазір көрінбейді”, – дейді.

Мәселеге қатысты жаңа Алатау қалалық әкімдігі шара қабылдаған. Гейт Сити көпірін айналып өту үшін тұрғындарға уақытша жол жасап беріпті. Бірақ тұрғындар “жол деген аты болмаса құм және қиыршық тас араласқан жабынды, жүру мүмкін емес, айналысының бәрі күл-қоқыс”, – деп, бұл жолға көңілдері толмайтындарын жеткізді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Фото: Massaget.kz / Нұрбол Ынтымақұлы

Программы по получению постоянного места жительства (ПМЖ) в Казахстане направлены на упрощение процесса легализации иностранцев, желающих проживать в стране на постоянной основе. Эти программы могут варьироваться в зависимости от оснований для получения ПМЖ, таких как трудовая деятельность, бизнес, инвестиции или наличие семейных связей.

Программы по получению ПМЖ в Казахстане открывают новые возможности для иностранцев, желающих интегрироваться в казахстанское общество. Эти программы направлены на привлечение квалифицированных специалистов, инвесторов и их семей, а также на упрощение процесса легализации для тех, кто хочет жить и работать в стране на постоянной основе.

  В Казахстане стали чаще фиксировать побои: причину назвали в Генпрокуратуре

Добавить комментарий