100% гарантия ВНЖ в Казахстане – доверьтесь профессионалам!

Көпшілік Айдос Тоқтарбаевты “буынсыз адам” немесе “пластилин” деген атпен жақсы біледі. Оның ерекше өнерін көрген жұрт бұл сөзге келіспей қоймайды. Өнерімен жұртты таңғалдырған Айдос Тоқтарбаев көптен бері сахналардан да, эфирлерден де көрінбей кетті.

Көпшілік Айдос Тоқтарбаевты “буынсыз адам” немесе “пластилин” деген атпен жақсы біледі. Оның ерекше өнерін көрген жұрт бұл сөзге келіспей қоймайды. Өнерімен жұртты таңғалдырған Айдос Тоқтарбаев көптен бері сахналардан да, эфирлерден де көрінбей кетті.

Пышақ жұтып, кішкентай чемодан, әйнекке оңай сыйып кетіп, таңғаларлық трюктер жасайтын тума талантпен Massaget.kz тілшісі сұхбаттасып, қазір қайда екенін, немен айналысып жүргенін сұрады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

“Ауылда болдым, құрылыста істедім, мал бақтым”

– “Буынсыз адам” деп танылған Айдос Тоқтарбаев қазір қайда, немен айналысып жүр?

– Қазір Алматыдамын. Біраз жыл ауылда болып, жұмыс істедім, құрылыста істедім. Алматыға келген соң арасында тойларға шығамын. Балабақшаларға, мектептерге де концертпен шығып жүремін.

Жеке архивтен

– Шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар болып жатыр?

– Шығармашылықта әзірге ешқандай жаңалықтар болып жатқан жоқ. Жаңалық болады деп ойлағанмын, бірақ салмақ жинап алдым. Мәскеуден келгелі бері ештеңеге дайындалған жоқпын. Эфирлерге де шыққан жоқпын. Тек жуырда “Таңшолпан” бағдарламасында қонақ болдым.

“Ел атынан барып тұрып, чемоданға сыймай мазақ боламын ба деген қорқыныш болды”

– Ресейлік танымал шоуға қатысқаныңызды естідік, осы туралы әңгімелеп берсеңіз.

Просто и быстро оформим ВНЖ или ПМЖ в Казахстане для вас:

– Мәскеуге “Пятница” телеарнасы шақырған. Бірінші онлайн кастинг өткізді, онлайн сұхбат алды. Яғни онлайн түрде турнир жасады. Сол онлайн іріктеуден өттім. Өзім де “Алланың қалауымен соңғы рет бір көрейінші” деп Құдайдан сұрап жүргенмін. Дұға-тілегім қабыл болды. Жақсы дайындалған телешоу екен, маған ұнады. Эфирлерге шығып жүрген 25 жылдық тәжірибемде дайындығы мықты командамен бірінші рет жұмыс істедім. “Пятница” арнасының командасы алыстан келген қонақ деп мені бірінші шығарды.

– Жоба барысында қандай қызық жайттар болды? Біраз уақыттан кейін шоуға қатысу қиын болмады ма?

– Құйымшағым сынып, жарақатпен барғанмын, “не істеймін?” деп уайымдадым. Мен апарған жәшіктің өлшемімен шығармай қойды, яғни апарған жәшікті кішірейтіп тастады. Келісімшартқа қол қойғанмын. Олардың келісімшарты бойынша қатысушы не істейтінін білмеуі қажет. Аяқ астынан жобаның ұйымдастырушылары өздері береді. Мен қылыш жұтатынмын. Сондай өнер көрсетемін бе деп дәмеленіп барғанмын. Сөйтсем ондайлар бар екен. Маған істетпеді. Жарайды дедім. Олардың айтқанына көніп жұмыс істеуің керек. Өздері сценарий береді, өздері дайындайды. Өздері сұрақты да дайындап қойған. Бір-екі күн дайындық өтті. “Мосфильмнің” қонақүйінде жаттым. Күнде дайындаламын. Шынымен де, қорқынышты болды. Ел атынан барып тұрып, чемоданға сыймай қалып, ұят, мазақ боламын ба деген қорқыныш болды. Бірінші күнгі дайындықта жаңағы чемоданға сыймай қалдым. Жәшікке де сыймадым. Олар костюмді де өздері берді. “Өз костюміңді киюге болмайды” деді. Неге екенін сұрағанда, “гримнен бастап рөлді өзіміз береміз” деді. Маған бортсеріктің рөлін берді. Қыры шыққан костюм, оның үстіне туфлиімен. Өзіңіз ойлап көріңіз. Ал мен ешқашан туфлимен өнер көрсетпеймін. Бұл мені кәдімгідей шошытты. Дайындықта жүргенде істей алмай жүрдім. Бала күннен әдетім: қойылым алдындағы дайындыққа барғанда, істей алмай қоямын, анығында істегім келмейді. Концертте бір-ақ істегім келіп тұрады. Өйткені қауіпті трюктер жасаймын. Дайындық алдында жараланып қалатын сияқты болып тұрамын, қорқамын. Соны айтып түсіндіре алмаймын.

Жеке архивтен

– Бірінші күні дайындықта да қызық болды. Өзім жолдан шаршап барғанмын. Оның үстіне уақыт ауысты, телефоным да істен шығып жүр еді. Қысқасы дайындыққа кешігіп бардым. Режиссерге жолдан түнде келгенімді, уақытқа әлі үйренбегенімді айттым. Ол “кәне шық, өнеріңді көрсет” деді. Шықтым, бірақ жәшікке сыймаймын, жәшігімді кішірейтіп тастаған екен. Менікінде үштік айна тұрса, олар он бірлік айна қойып тастаған. Костюм де тырысып бара жатыр. Содан “ертеңгіге дайындалайыншы, чемоданды бөлмеме ала кетейін” дедім. “Қолыңнан келе ме?” деді. Намыстанып кетіп, “келеді” дедім. Әртістік қабілетімді де таныта алмай жаттым. Өздері айтқан актерлік шеберліктің бірде біреуін істей алмадым. Өйткені табиғатым ұялшақ. Маған кішкене демалуға кеңес берді. Өйткені мұндай дайындықты көрмегенмін. Бұл үлкен жоба болды. Олардың сценарийіне, идеясына сай келмей жаттым.

– Кейін бәрі ойдағыдай болды ма? Жоба қалай аяқталды?

– Костюмнің шалбарының ішіндегі астары да трюктер жасауыма кедергі келтірді, оны алып тастауын өтіндім. Одан соң біртүрлі белдік берді. Ол да денемді қажап жіберді. Сол жағымдағы ең төменгі қабырғама бірдеңе батса, тисе ауырады. Сондықтан белдікті алып тастадым. Сөйтіп дайындыққа келіп, “енді дұрысталады” дедім. “Ертең кел” деді. Ертесіне чемоданға да, жәшікке де сыйып кеттім. Режиссер “ооо, тек бірнәрсе жетпейді” деді. “Мимика, күлкі жетпей тұр ма?” деп едім. “Дәл солай” деді. “Маған эфирде ашылуға рұқсат беріңіздерші” дедім. Сөйтіп төртінші күні түсірілім басталды. Жұлдыздар келетіні айтылды. Бір кезде Якубович келді. Түсірілімнен де жақсы өттім. Эфир шыққаннан кейін қарасам өзіме ұнады. Бұрын өзім түскен түсірілімдерді қарамайтынмын. Осы жолы өз-өзіме риза болдым. Қысқа болса да мәнді, сәнді шыққан.

“Денемде сынықтарым бар, күн бұлттанғанда жанға батады”

– Қазір қандай да бір жаттығулар жасап тұрасыз ба?

– Қазір жасым 42-де. Жасап тұру керек. Бірақ денемде біраз сынық бар: аяқта, құйымшақта, белде, қабырғаларымда. Кейде күн бұлттанған кезде жанға батады. Ауырсынуды басатын укол қабылдағаннан кейін ғана басылады. Мұндай уколды алмауға тырысамын. Ауырғанына шыдауға тырысамын. Бақбақ гүлден, бананның терісінен езбе жасап қояды. Соны жағамын.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Программы по получению постоянного места жительства (ПМЖ) в Казахстане направлены на упрощение процесса легализации иностранцев, желающих проживать в стране на постоянной основе. Эти программы могут варьироваться в зависимости от оснований для получения ПМЖ, таких как трудовая деятельность, бизнес, инвестиции или наличие семейных связей.

Программы по получению ПМЖ в Казахстане открывают новые возможности для иностранцев, желающих интегрироваться в казахстанское общество. Эти программы направлены на привлечение квалифицированных специалистов, инвесторов и их семей, а также на упрощение процесса легализации для тех, кто хочет жить и работать в стране на постоянной основе.

  Карин: Казахстан проводит свою политику не в угоду кому-то или трендам

Добавить комментарий